
Бүгін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен биылғы оқу-жылын қорытындылау үшін облысымыздың барлық білім беру ұйымдарында «Білімім – Отаныма!» жалпыреспубликалық бірыңғай тәрбие сағаты өткізілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
2023-2024 оқу-жылының қорытындылау тәрбие сағаттары балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білу мақсатында өткізілді.
Маңғыстау облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айжақсы Тұржанова қаламыздағы №29 мектептің қорытынды тәрбие сағатына қатысып, биылғы түлектерге құттықтау тілегін айтты.
- Еліміздің гимнімен басталған тәрбие сағаты барысында ҚР Оқу-ағарту министрінің құттықтауы мен республикамыз бойынша жетістікке жеткен оқушыларға қатысты видеоролик қойылды. Сонымен қатар, алдын ала түсіріліп дайындалған әр сыныптың балаларының жыл бойы халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық білім жетістіктері мен тәрбие тағылымы бойынша бір минуттық бейнеролик көрсетілді, - деді облыстық басқармасы басшысының орынбасары Айжақсы Тұржанова.
Іс-шара оқушылардың ата-аналары қатысып, оқушылардың жақсы қасиеті мен үлгілі істері, ерлік көрсеткен тұстарына ерекше назар аударылып, марапатталды.
Ал, 9, 11 сыныптың түлектері «Мен. Мектеп. Ұстаз» тақырыбында мектеп қабырғасындағы балалық шақтан болашаққа қадамы туралы өз ойларын эссе жанрында жазып шықты.