9 маусым күні сағат 09: 00-де Маңғыстау облысы ТЖД дағдарыс жағдайлары басқармасына "Бозашы Мұнай" ЖШС "Қаратұрын Южный" мұнай-газ кен орнындағы өрт туралы ақпарат келіп түскен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ТЖД-ға сілтеме жасап.
Өрт 1088 метр тереңдіктен бұрғылау құралының көтерілуі нәтижесінде пайда болған. №303 ұңғымадағы ашық газ субұрқағында газ-су қоспасының шығарылуы өрттің пайда болуына тікелей әсер еткен.
Дабылды алған кезде өртті сөндіруге жоғары дәрежелі техника мен құралдарды тарту туралы дереу шешім қабылданған.
Ұңғымадағы өртті сөндіру үшін жеке құрамның 56 өрт сөндіруші, 12 өрт сөндіру техникасы және апаттар медицинасы орталығының бір көлігі жұмылдырылды.