Оқиға Мұнайлы ауданында болған. Лада-15 көлігінің жүргізушісі пойызға жол бермей, соқтығысқан, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД сілтеме жасап.
Оқиға салдарынан зардап шеккен екі адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Олардың біріне медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді.
«Лада-15» автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Жұлдызай Қалиева