Бұл туралы Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникация орталығы мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
№3 энергоблокты апаттық жөндеуге және «МАЭК» ЖШС электр станциясында №1 ЖЭС энергоблок жұмысының тоқтауына байланысты «КЕГОК» АҚ Ұлттық диспетчерлік орталығы диспетчерінің келісіміне сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде Маңғыстау облысының келесі елді мекендері бойынша электр энергиясын тұтынуға ішінара шектеулер енгізілді:
- Жаңаөзен қаласы (ішінара) және жақын маңдағы ауылдар;
- Маңғыстау ауданының елді мекендері;
-Форт-Шевченко қаласы және Түпқараған ауданының елді мекендері;
- Мұнайлы ауданының бірқатар елді мекендері;
- Қарақия ауданы бірқатар елді мекендері;
«МАЭК» ЖШС-де жалпы электр энергиясы 545 МВт өндіреді. Қазіргі уақытта екі энергоблоктың тоқтауына байланысты электр станция 245 МВт өндіруде.
Елді мекендерді сумен жабдықтауға ешқандай шектеулер жоқ.
Ауруханалар мен әлеуметтік қажеттіліктер электр энергиясымен қамтамасыз етіледі.
Апаттың себептерін жою үшін уәкілетті мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызметтердің өкілдері кірген облыс басшылығының төрағалығымен жедел штаб жұмыс істейді.
МАЭК мамандары №3 энергоблокты жөндеуге шұғыл өтінім берді.
17 сағ. 00мин. 11.08.23 ж. № 3 энергия блогы бойынша турбинаны жөндеуге және генератордың ЩКАСЫН (щетка-байланыс аппараты) бөлшектеуге кірісті, 21 сағ.30мин. ЩКАНЫ бөлшектеуді аяқтады. Әр екі сағат сайын генератор мен статор роторының орамасының оқшаулау кедергісін өлшеу металл температурасына байланысты өлшеу көрсеткіштерінің өзгеруін салыстыру үшін алынады (статор мен ротор орамасының біртіндеп салқындауы).
Комбинат қызметкерлері Энергия блогының жұмысын тез қалпына келтіру үшін барынша күш салуда.
Сондай-ақ, МАЭК мамандары энергия блогының қазандығында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін № 1 энергия блогын 16.08.23 ж. дейін жөндеуге шұғыл өтінім берді.
Мамандар № 1 Энергия блогындағы жөндеу жұмыстарына Энергия блогының қазандығы салқындағаннан кейін кіріседі.
Жедел штаб тұрмыстық тұтынушылар үшін электр энергиясын беру пайдасына өнеркәсіптік объектілерді қауіпсіз шектеу жөнінде шаралар қабылдауда.