Бүгін Маңғыстау облысы бойынша 182 мыңнан астам оқушы 188 жалпы білім беретін мектепте жаңа оқу жылын бастады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Айта кетерлігі, жаңа оқу жылында өңірле 20284 бала 1 сыныпқа қабылданып, алғаш рет мектеп табалдырығын аттап отыр.
Сонымен бірге, Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Мұнайлы ауданында заманауи үлгідегі 3410 орындық жекеменшік мектептер өз жұмысын бастап отыр. Облыстық білім басқармасының өкілдері Ақтау қаласында мен Мұнайлы ауданында 4800 орындық 4 мектептің құрылысы қарқынды жалғасып жатқанын жеткізді.
Өткен оқу жылында халықаралық деңгейде өткен олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурсында 13, республикалық жарыстарда 82, республикалық пән олимпиадасында 35 оқу жеңімпаз атанып, облыс білімінің деңгейін көрсеткен болатын.