Шетпенің орталық саябағында орналасқан Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш тақтасының бір бөлігін бұзақылар сындырып кеткен деп хабарлайды, mangystaumedia.kz тілшісі.
Шетпе әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында бүлінген мүлік бойынша ішкі істер бөліміне хабарланып, анықтау жұмыстары жүргізілетіні жазылған.
«Құрметті ауыл тұрғындары! Ауыл өздеріңіздікі! Ауылдың титтей тасына дейін жанашырлық танытып, көркеюіне бірге атсалысуларыңызды сұраймыз!» делінген әкімдік парақшасындағы хабарламада.