2023-2024 оқу жылынан бастап Түпқараған ауданында «Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік» колледжінде алғаш рет балық өндірісі мамандары оқып жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Колледж Түпқараған ауданы Аташ елді-мекенінде орналасқан «Аташ Фиш Пром» ЖШС-мен түлектерді жұмыспен қамту жөнінде келісімшартқа отырған.
Басқармамен «Болашақ мамандығым» жобасы аясында мектеп оқушыларын балық өсіру кәсібіне қызығушылығын ояту мақсатында балық өсіру кәсіпорындарына апарып таныстырады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қарашадағы № 784 қаулысымен бекітілген «Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының» аясында 2023 жылға 54 адамды балық шаруашылығы бойынша оқыту жұмыстары жүргізілді, делінген Маңғыстау Балық Шаруашылығы Басқармасы таратқан ақпаратта.