Биыл облыстың ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлері облысқа синтетикалық есірткі жеткізуші 5 ірі арнаны тоқтатып, күдіктілер ұсталды. Белгілі болған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ІІД-ге сілтеме жасап.
Мәселен 2023 жылдың 8 айында 209 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде: 58 есірткі қылмысы: 38 есірткі сату, 11 аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтау, Контрабанданың 2 фактісі және 5 есірткі затын өсіру фактісі мен есірткі тұтынуға бейімділіктің 2 фактісі.
Сондай-ақ ұсақ және ірі көлемдегі есірткі заттарын сақтауға байланысты 151 қылмыстық құқық бұзушылық анықталған.
Заңсыз айналымдағы 70 келіден астам есірткінің бірнеше түрі, атап айтқанда:
65 кг- «марихуана», 4 кг 521 грамм - синтетикалық есірткі (мефедрон, альфа-ПВП және т.б.), 684 грамм - «гашиш», 127 грамм - «апиын» тәркіленді.
Есірткі саудасына қатысты құқық бұзушылық жасады деген 156 күдікті және есірткі қылмысын жасағаны үшін 32 адам жауапкершілікке тартылды.
Нашақорлықтың алдын алу бағытында 207 профилактикалық іс-шара өткізілді, оған 3 мыңнан астам адам (оқушылар мен ата-аналарды қосқанда) қатысты.
Рейд барысында есірткі бизнесімен айналысатын топтардың жарнамалық сайттары мен жеделхаттарының 230 граффити жазулары сырланды.
Интернет кеңістігін бақылау кезінде бұғаттауға бағытталған 75 сайт пен телеграмм топтары анықталды.
Сондай-ақ облыста әлеуметтік желі арқылы қылмыстық әрекеттерге барған 16 адам (18 бен 35 жас аралығындағы) есірткі қылмысы үшін сотталған. Көбіне ірі көлемде ақша табатындықтан жастар (жартысы басқа облыстардың тұрғындары) әлсіздікке бой алдырған. Синтетикалық есірткі заттарының айналымымен (тасымалдау, сақтау, орау және бетбелгілер арқылы сату) айналыса бастап, нәтижесінде жапуапкершілікке тартылды.
Сотталғандардың барлығы 10 жыл және одан да көп мерзімге бас бостандығынан айырылды. Жазасын республика бойынша түзеу мекемелерінде өтеуде.