Былтыр облыстық стоматология орталығының дәрігерлері ерін мен таңдайдың туа біткен жырығы бар науқастарға 2016 операция жасады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Стоматологиялық орталық емхананы тыныштандыратын және жансыздандыруға арналған құрал-жабдықтармен жабдықтауды жоспарлап отыр. Маңғыстау облыстық стоматология орталығында терапевтік, хирургиялық, ортодонтиялық, ортопедиялық қызмет көрсетіледі. Бет-жақтың туа біткен патологиясы, ақауы бар балаларға, сондай-ақ 6 мен 12 жас аралығындағы аз қамтылған отбасы мүшелеріне тегін көмек көрсетіледі.
- Біз тіс ауруларын анықтау және алдын алу бойынша көптеген жұмыстар атқардық. Дәрігерлер, стоматолог-хирургтар әртүрлі хирургиялық оталарды жүзеге асырды. Дәрігерлер кәсіби деңгейін үнемі жетілдіріп, барлық жерде жаңа әдістерді енгізіп, протездеудің алуан түрі кеңінен қолданылуда. Жұмысқа 10 жас маман қабылданды. Барлық іс-шаралар облыс тұрғындарына көрсетілетін стоматологиялық көмектің қолжетімділігін арттыруға және сапасын жақсартуға бағытталды, – деді стоматологиялық орталықтың директоры Қуат Машырықов.
Дәрігерлердің айтуынша, орталықта ерін мен таңдайдың туа біткен жырығы бар 297 бала диспансерлік есепте тұр. Бұл ортодонттардың хирургиялық араласуын қажет ететін туа біткен патология. Олар жасанды таңдай орнатады, сонда бала ыңғайлы тамақ ішеді.
Облыстық стоматология қызметкерлерінің жоспарларында стоматологиялық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету, қызмет көрсету тиімділігін арттыру, жаңа технологияларды оқыту, енгізу, мекеменің медициналық менеджментін дамыту, жоғары стандарттарға сәйкес медициналық қызмет көрсету, тұрақты медициналық қызметтің ішкі сапасы мен қауіпсіздігін бақылау мониторингі бар.