Маңғыстау өңірінің ақсақалдары су тасқынынан зардап щеккен атыраулықтардың жай-күйін сұрап, эвакуациялық пункттерді аралады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақсақалдар 15-шағынаудандағы IT лицей мен 17 жатақханаға барды. Қазіргі таңда жаңадан қоныстанғандарға еріктілер қолдан келген көмегін көрсетіп жатыр. Кәсіпкерлер мен жастар, қала тұрғындары облыс бойынша барлығы 902 волонтер ортақ іске жұмылдырылған.
IT лицейде 120 адам орналасқан. Оның 50-і ересек, 70-і бала. 17-шағынаудандағы жатақханада 635 адам бар. Оның 252-сі ересек, 383-і бала.
- Аман-саулықтарыңызды тілеймін. Еліміздің басына келген бұл күрделі кезеңнен де көп ұзамай өтеміз, - деді Ассамблея үйі жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Оңайбек Әбділов.