31 қаңтарда Маңғыстау облысы әділет департаментінде (3Б-16) жекеше нотариустар, адвокаттар және сот орындаушылардың қатысуымен «Ашық есіктер күні» акциясы өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Акция барысында келесі мәселелер бойынша тегін заң көмегі көрсетіледі:
- сот актілерін орындау;
- алименттерді өндіріп алу;
- мүлікке тыйым салу және тыйымды алып тастау;
- нотариустармен, адвокаттармен, сот орындаушылармен, заң консультанттары көрсететін заң қызметтерінің сапасы;
- адвокаттық, нотариаттық, жеке сот орындаушылар қызметімен айналысу құқығына лицензия алу;
- жылжымайтын мүлік құқықтарды, коммерциялық емес заңды тұлғаларды және азаматтық хал актілерді тіркеу және т.б.
Сондай-ақ, адвокаттар:
- алименттер өндіріп алу;
- зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау;
- тұлғаларды ақтау (реабилитация);
- босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша азаматтарға тегін заң көмегін көрсетеді.