Ақтауда жолға жауапты мамандар арнайы техникалармен шығып, құм, тұз себу жұмыстарын жүргізуде, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Компания Строй Инвест 2020» ЖШС жұмысшылары таңертең жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында ең алдымен көшелерге, аялдама, мектеп айналасы, балабақша, аурухана, баспалдақтар, жаяу жүргіншілер жолдарын тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстарға арнайы техникалар да қарастырылған. Ал шағынауданішілік жолдарды да қауіпсіздік мақсатында қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ көшедегі қауіпсіздік үшін полиция да кезекшілікте жүр.