Әлеуметтік желі беттері мен облыс әкімдігінің телеграм-арнасында Басқұдық ауылының тұрғындары өз шағымдарын жолдауда. Олардың айтуынша, қоқыс уақытылы алынбай, көшеде шашылып жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
- Басқұдық ауылы, Әділет көшесінің бітпейтін жыры. Қоқыстың жатқанына 1 аптадан асты, сасып жатыр. Қасында балалар ойын алаңы бар. Қашан жиналады?- деп наразы тұрғындар.
Ауыл әкімдігіндегілердің айтуынша, бұл қоқыстар – тұрғындардың белгіленбеген орынға тастаған қалдықтары.
- Ауыл тұрғындары тарапынан белгіленбеген орындарға қоқыс тастау фактілері анықталуда. Аталған оқиға бойынша шара қабылданатынын қаперіңізге береміз,- делінген Басқұдық ауылдық округі әкімі аппаратының хабарламасында.