29 шілдеде балық аулау үшін ау орнату кезінде жоғалып кеткен балықшының денесі табылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жоғалған ер адамды үш күннен кейін балықшылар судан тапты. Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 1 тамыз күні жоғалған адамның денесін жергілікті балықшылар тауып, судан шығарды.
Еске салайық, 1987 жылы туған ер адам 29 шілдеде сағат 11:50-де Құрық ауылынан 7 шақырым жерде жоғалып кеткен еді.