Алматы хайуанаттар бағының қызметкерлері қоқиқаздарды толық тексеруден өткізіп, ұша алатынына көзжеткізді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Еске сала кетейік, ақтаулық блогер тоңып, далада қалған қоқиқаз балапандарын бірінен соң бірін үйіне әкелген. Оларды ваннада ұстау ыңғайсыз және жабайы табиғатта аман қалуы мүмкін емес еді дейді. Осы орайда Алматы хайуанаттар бағы балапандарды асырап алуды ұсынған.
«Хайуанаттар бағы маманының айтуынша, балапандарды қатты үсік шалған. Егер адамдар көмектеспесе, олар өліп қалуы мүмкін еді. Балапандардың жабайы табиғатта өздігінен өмір сүруі қиын. Ал олар көктемге дейін хайуанаттар бағының жағдайына үйренісе алады. Ал жабайы табиғатқа бейімделе алмай, өліп қалуы мүмкін. Ең дұрысы, қоқиқаздар әл жинаған соң көктемде табиғатқа шығарған дұрыс», — деп жазды Азамат Сәрсенбаев.
Құстар түнде Алматыға ұшақпен арнайы жабдықталған жәшікте жеткізіледі.