Кеше Маңғыстау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Форт-Шевченко қаласының аумағында екі серферді құтқарды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
1992 және 1994 жылы туған азаматтар ашық теңізге серфинг тақтасында шыққан. Алайда ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты серферлер жағадан 800 метрден астам қашықтыққа ығып кетті. Одан бөлек серферлер құтқару кеудешелерімен қамтамасыз етілмеген. Маңғыстау облысы ТЖД құтқарушыларының жедел іс-қимылдарының нәтижесінде серферлер жағаға аман-есен жеткізілді.