Құттықтауды Президент Х парақшасында жариялады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
– Ұлттық домбыра күні құтты болсын! Бұл мерекенің қазақ руханияты үшін мән-маңызы зор. Қастерлі аспап дала өркениетінің ажырамас бөлігіне айналды. Төл мәдениетіміздің құнды қазынасын сақтау – баршамыздың парызымыз. Домбыра төрден түспесін, – деп жазды Мемлекет басшысы.