Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев қол күресінен бірнеше дүркін әлем чемпионы Жанғазы Гауhарды қабылдады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудан әкімі биік белестерді бағындырып, ауданның, облыс пен еліміздің абыройын асқақтатып жүрген спортшыны жетістіктерімен құттықтап, алғыс хатпен, сондай-ақ спорттағы жетістіктерін ынталандыру мақсатында қаржылай сертификатпен марапаттады.
«Елдігіміздің еңсесін көтеріп, көк туымызды әлемдік аренада желбіретер – өзіңдей жастар мемлекетіміздің, тұтастай халықтың мақтанышы. Мұндай жетістікке жетуің – өзіңнің ерекше қабілетің мен еңбегіңнің, ата-ананың тілегі мен қолдауының арқасы. Шәкіртін жетістікке жеткізген бапкеріңе де зор алғыс білдіремін. Мұнымен тоқтап қалмай, әлі де биік шыңдарды бағындыра беруіңе тілектеспін»-, деді аудан басшысы.
Сонымен қатар чемпионды аудандық мәслихаттың төрағасы Жанғабыл Қалаубай құттықтап, байрақты бәсекелерде бағы жана беруін тілесе, Гауһардың әкесі және бапкері жастарға жасаған қолдауы үшін аудан басшысына, жанкүйерлеріне алғыс білдірді.
Айта кетейік, Жанғазы Гауһар Ерболқызы 2007 жылы туған, Қарақия ауданы, Құрық ауылының жас спортшысы. 2022 жылы Түркия Республикасы Анталья қаласында өткен қол күресінен әлем чемпионатының І орын, Алматы қаласында өткен қол күресіен ҚР чемпионатының ІІ орын, Көкшетау қаласында өткен қол күресінен Қазақстан кубогінде ересектер арасында І орын жүлдегері.
2021 жылы Румыния астанасы Бухарест қаласында өткен қол күресінен әлем чемпионатының ІІ (оң қол) және ІІІ орын иегері,
Талдықорған қаласында өткен қол күресінен Қазақстан Республикасы чемпионатында ІІ орын,
Алматы қаласында өткен қол күресінен Азия чемпионатында ІІ орын, Өзбекстан Республикасы Самарқанд қаласында қол күресінен жасөсіпірм ұлдар мен қыздар арасында өткен Азия чемпионатының ІІ орын иемденген.
Ал биылғы 2023 жылы БАӘ елі Дубай қаласында өткен қол күресінен Азия чемпионатында ІІ орын алып, Алматыда өткен жасөспірімдер арасында қол күресінен әлем чемпионы атанды.