Қарақия аудандық сотында ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігімен шетелдік азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды, деп хабарлады mangystaumedia.kz Қарақия аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сотта анықталғандай, С. Қазақстан Республикасына 2023 жылдың 24 маусымында келіп, 21 желтоқсан күні Жетібай селосында ұсталған. Тексеру барысында оның 2023 жылғы 24 маусымда Қазақстан Республикасының шекарасынан өтіп, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтарғаны анықталған.
Сот қаулысымен ол ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылды. Сондай-ақ, оған Қазақстан Республикасының аумағынан әкімшілік жолмен шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. Әзірге бұл қаулы заңды күшіне енген жоқ.