Қарақия ауданының орталығы Құрық ауылында жазғы демалыс орнындағы балаларға судағы қауіпсіздік бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Кеше аудан аумағындағы №1 ЖОББ мектеп жанындағы ұйымдастырылған демалыс лагерьлеріне Төтенше жағдайлар, №7 Өрт сөндіру, Жедел жәрдем бөлімдері Жедел құтқару жасағының қызметкерлерімен бірлесіп, бүлдіршіндерге «Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау» тақырыбы бойынша интерактивті сабақ өткізді.
Сонымен қатар ашық есік күні өткізіліп, өрт сөндіру техникасы мен жедел жәрдем автокөліктерімен таныстырылды.
«Барлық қауіпсіздік ережелерін білу, үйрету сіз бен біздің бүлдіршіндер алдындағы борышымыз! Сақтық ережелерін сақтап, рұқсат етілген жерде шомылуға кеңес береміз!», - деп түсіндірді аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары.