5 қараша күні Астана қаласындағы
Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында өткен қазақ күресінен «Дала қырандары» республикалық турнирінде Нұрдәулет Жарылғапов жеңімпаз болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облысынан сынға түскен "Қара бура" лақап атымен танымал Нұрдәулет Жарылғапов 100+ салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанып, “Дала қыраны” титулын алды.
Имидждік додада ҚР чемпионаты, ҚР кубогы және рейтингтік жарыстарда 8 салмақ дәрежесі бойынша ең жоғары ұпай жинаған балуандар сынға түсті.
Нұрдаулеттің жеке бапкері, МО ұлттық спорт түрлері орталығының директоры Қайрат Бурбасовтың айтуынша Нұрдаулет 3 белдесу өткізіп, алғашқы белдесулерінде Алматы қаласының спортшысы Жансерік Жұмабайды және қарағандылық Сержан Бейсенбаевты ұтса, ақтық кездесуде Алматы облысының спортшысы Мади Еділбаевтан басым түскен.
Жарыстың 8 жеңімпазы “Дала қыраны” титулы мен өз салмағының “Бас балуаны” атағына ие болды. Сондай-ақ, оларға желтоқсан айында елорда да өтетін Әлем чемпионатына жолдама және қаржылай сыйақы табысталды.