Еске салайық, кеше Маңғыстау ауданындағы Қаламқас кен орнында «Қаламқассервис» ӨБ-нің 150-ден астам түнгі ауысымдағы жұмысшысы ҚР Еңбек заңнамасын бұзып, 2022 жылдың соңында сыйақы төлеуді талап етіп, жұмысын тоқтатқан болатын, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
«OSС» ЖШС басшылығы мен кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл ретте жұмысшылар мәселені шеше алмаған жағдайда жұмысты уақытша тоқтатуға ниет білдірді.
«ОSК» ЖШС басшылығының айтуынша, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының шешімімен бекітілген қызметкерлерге сыйақы төлеудің шарттары мен тәртібіне сәйкес, қызметкерлерге сыйақы төлеудің негізгі шарттары мыналар болып табылады:
1. Есепті кезеңдегі оң қаржылық-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу, яғни жылдық таза табыстың болуы;
2. Есепті кезеңде Жалғыз қатысушыдан қаржыландырудың (жарғылық капиталға салымдар, тартылған қаражаттар, қаржылық көмек) болмауы.
"2022 жылдың аяғында жоғарыда аталған шарттар орындалмады, бүгінде "ОSК" ЖШС бонустарды төлей алмай отыр, өйткені компания жоспарлы шығынға ұшырап отыр.
Келіссөздер барысында қызметкерлерге өткен жылғы сыйлықақы төленбейтіні түсіндірілді. Төленбесе, олардың көтерген басқа да мәселелерін заң аясында қарастыру ұсынылды.
Нәтижесінде Қаламқас кен орнындағы «OSС» ЖШС-нің жұмысшылары келісім комиссиясын құруға келісіп, 26 қаңтар күні сағат 02.30-дан бастап өз міндеттерін атқара бастады. Компания қолданыстағы заңнама аясында әрекет ететін болады», - деді компания өкілдері.