Ақтауда мұзға түсіп кету жағдайлары орын алуда. Сондықтан құтқарушылар тұрғындарды абай болуға шақырады,-деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Ауа райының жылы болуына байланысты теңіздегі мұздың қалындығы жұқарып, әр жерден жарықтар пайда болып жатыр. Сондықтан құтқарушылар төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында мұзда абайлап жүруге ескертеді:
- дұрыс қатпаған мұздың үстіне шықпаңыз;
- топпен мұздың бетінде бір жерде жиналып тұрмаңыздар;
- мұздағы жарықшақ, ойықтарға жақындамаңыз;
- мотоциклмен, автокөлікпен мұздың үстімен өтпеңіз;
- түнгі уақытта және шамалы көрінетін кезде мұзға шықпаңыз.