Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы консулдығында Деморатия және ұлттық бірлік күні аясында «Түркия жүзжылдығының қаһармандары» атты еске алу шарасы өтті. Ұлт батырларын бір минуттық еске алудан кейін Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Сабри Альптекин аталмыш шараның маңыздылығын баяндады.
-2016 жылғы 15 шілдеде әскеріміздің ішіне еніп алған Фетуллахшы лаңкестік ұйымы (ФЕТО) мүшелері өздерінің шынайы тұлғаларын жасырып, ұлтымыз бен үкіметімізге қарсы қанды төңкеріс әрекетін жасады. Әскери киім киген лаңкестер отан қорғау үшін сеніп тапсырылған қару-жарақтарды елге қарсы қолданды. Олар әскери соғыс ұшағымен Ардагерлер Мәжілісін бомбалап, жас, кәрі, бала, әйел демей, қарусыз азаматтарымызға ауыр қарулармен шабуыл жасаған болатын. Халқымыз орасан зор түсінік және басымдылықпен бір жұдырық, бір жүрекпен лаңкестерге қарсы тұра тұрып, демократия мен егемендікті өмірінің құнымен қорғап шықты. 251 патриотымыз шейіт болып, екі мыңнан астам азаматымыз жараланған болатын. Демократия үшін шейіт болғандарды мейіріммен және алғыспен еске ала отырып, ардагерлерімізге алғысымызды білдіреміз. Бұл төңкеріс әрекеті қаһарман халқымыздың абыройлы қарсылығымен Президентіміз Режеп Тайып Ердоғанның басшылығы арқасында жеңіліске ұшырады.
Ұлтымыз демократия үшін әлемде бұрын-соңды болмаған ерлікпен күресіп, Түркияның қуатын әлемге тағы да паш етті. Түркия жүз жылдығына аяқ басқан осы күндерімізде, азаматтарымыздың 15 шілде түні Отан, ұлт үшін күресуінің арқасында, Түркия жүзжылдығының іргетасы қаланды. Түркияның жүз жылдығы ұлтымыздың ерлік күресі мен табандылығының арқасында ұлттық бірлік пен ынтымақ рухымен құрылатын болады. Шілденің 15-не қараған түні Түркия жүзжылдығының қаһармандары өз өмірлерін қиып, Отанын қорғады, 15 шілде дастаны тарихқа алтын әріптермен жазылды.
-Бүгін, шейіттерімізді мейіріммен, ардагерлерімізді алғыспен еске ала отырып, ФЕТО-ның жасырын мақсаттарына жету үшін әрекеттерін жалғастырып жатқанын білу керек.
Қауіпті және арам ойлы ФЕТО лаңкестік ұйымы алдымен қоғамның моральдық құндылықтарын пайдаланып, халықтың сеніміне кіруде, кейін санасын жаулап алған осы адамдарды өзінің мақсаттарына пайдаланады. Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде гуманитарлық көмек, білім, сауда салаларының астарында жасырынып, өз қызметтерін жалғастырып жүр. ФЕТО лаңкестік ұйымы Түркияға ғана емес, сонымен қатар көптеген елдердің демократиясына да үлкен қауіп екенін ұмытпаған жөн. Бұл қауіпке қарсы тұру үшін сіздерді ескертуге және ұлтымыздың демократия мен егемендігі үшін күресін түсіндіруді жалғастырамыз.
Түркия қазір халықаралық деңгейде лаңкестікпен күресіп отыр, ФЕТО лаңкестік ұйымымен күрестеде халықаралық ынтымақтастыққа маңыз беруде. Осы мақсатта, төңкеріс әрекетінде белсенді рөл атқарған және шет елге қашып, ұйыммен қарым-қатынастарын жалғастырған ұйым мүшелерінің босқындық сұраныстары қабылданбайды деп күтеміз. Осыған байланысты, дос әрі бауырлас елдерде жүргізілген ынтымақтастық нәтижесінде ФЕТО-мен байланысты 48 елдегі мектептер мен тіл курстары мекемелерінің жұмысы ішінара немесе толығымен тоқтатылды, 21елдегі білім беру мекемелері Түркияның «Маариф» қорына тапсырылды. Қазіргі таңда, Түркияның «Маариф» қорының 51елде 423 мектеп, 1 университет, 22 оқу орталығы жұмысын атқара отырып, 51 мың тәлімгерге білім беріп отыр. Түркия жүзжылдығында 1923 жылдан бері жалғасып келе жатқан тәуелсіздік пен егемендік үшін күресте, 15 шілде дастанын жазған «Түркия жүзжылдығының қаһармандарын» ұмытпаймыз.
Тарихи және мәдени құндылықтарды ортақтастыратын дос және бауырлас елдерде жүз жылдың батырларын еске аламыз және ғасырлар бойығы құндылықтарымызды болашақ ұрпаққа жеткіземіз. Түркия халқы өзінің даңқты тарихында туған жері, туы, демократиясы үшін ерлікпен күресті. Түркия жүзжылдығының қаһармандарының бұл күресінің арқасында Республикамыздың екінші ғасырына қадам басып, еліміздің көптеген салаларында Түркия жүзжылдығы басталды. Жанын пида еткен барша шейіттерімізді тағы да құрметпен, алғыспен еске аламын, жатқан жерлері жайлы болсын, ардагерлерімізге ризашылық білдіремін,-деді Бас консул.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша Бас имамы, Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің бас имамы Әнуар Елжанов шейіттер рухына Құран бағыштады.
Шараға қатысқан қонақтар лаңкестердің басқыншылық әрекеті кезіндегі жан түршігерлік суреттерді көріп, қауіпті ұйым жайында мағлұматтар алды.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА