Бүгін, 21 маусымда Ақтау қаласындағы күзет полициясының бір топ қызметкері Иран Ислам Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Ғоламреза Хашеми мырзамен кездесті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Кездесу ҚР Полиция күніне орай ұйымдастырылды. Хашеми мырза полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қызметін атап өтті. Осылайша Иран Ислам Республикасының Бас консулы полиция қызметкерлерінің заңдарға бағынып, консулдықты қорғаудағы еңбегіне алғыс айтып, жоғары бағалады.
Сонымен қатар Жеңіс Утепов кездесуге қатысқан полиция қызметкерлерінің атынан Иран Ислам Республикасының Бас консулдығына шақыруы үшін алғысын білдіріп, 14 президенттік сайлауды өткізу кезінде қауіпсіздікті орнатуға дайын екенін мәлімдеді.
Салтанатты шара соңында күзет полиция күштері қызметкерлеріне алғыс хат табысталды.