Жаңаөзен тұрғындары жақында «Көктем» шағын ауданы 18 үйдің жанынан велисопед теуіп бара жатқан екі шетелдік азаматты кездестіріп телефонмен аударма жасап сөйлескен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
-Жаңаөзендегі сапарының мақсатын біліп алдық. Пия мен жолдасы Балдуэ Германияның Мюнхен қаласынан келген. Велосипедпен өткен жылы Германиядан Грузияға қарай шыққан екен. Түркия, Африка, Жапония елдерінде болған.
“Жалпы осы бір жыл ішінде жол жүріп, 25 мемлекетті араладық. Саяхатты, әр елдің салт-дәстүрін зерттеуді жақсы көреміз. Енді Қазақстанның Жаңаөзен қаласына келдік. Ары қарай бағытымыз киелі мекен саналатын Бекет ата болмақ. Содан соң Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Индия , орталық Азияға барамыз. Өзімізбен бірге қажетті құралдарымыз бар. Жаңаөзен шағын қала, ұнады. Қаланың халқы қонақжайлығын танытып, бізге тәттілер ұсынып жатыр. Зор алғысымызды білдіреміз. Барлық қазақстандықтарға елінің тыныш, бейбіт, бақытты болуын тілейміз” деп қорытындылады сөздерін Пия мен Балдуэ”, - дейді туристермен сұхбаттасқан жаңаөзендіктер.