ҚР Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің хабарлауынша, қоқиқаздар өлген жерге аудандық ветеринариялық станция қызметкерлері, ауылдық округ әкімі, Сам КММ директорының орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі орынбасары себептерін анықтау үшін барған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жақында аталған аумақта ауа-райының қолайсыз жағдайлары тіркеліп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жеткен. Соңынан шаңды дауыл болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, құстардың өліміне жоғары вольтты электр желілерінің соғылуы себеп болуы мүмкін. Ветеринариялық станция қызметкерлері құстардың өлекселерін одан әрі зертханалық зерттеулер жүргізу және олардың өлу себептерін анықтау үшін алып кетті.
Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының өзі ауылында 4 қоқиқаздың өліп қалғаны туралы бейне пайда болды. Бейнеу ауданының аумағы құстардың маусымдық ұшып өту жолында екенін атап өткен жөн.