29 жастағы ер адам денесінің 20 пайызын күйік шалған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Науқастың жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық. Зардап шегушінің сол жақ білегі, тобығының беткейі күйген. Оған барлық қажетті ем-дом, таңу, күтім көрсетіледі. Осы аптаның соңында шығады деп күтілуде, - деп хабарлады облыстық аурухананың баспасөз қызметі.
Еске салайық, Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, 30 шілде күні таңертең Ақтау қаласының 3 шағынауданында жеңіл көлік өртеніп кеткен. Оқиға "LPG TRADE" жанармай құю стансасының аумағындағы №3 өндірістік аймақта болған. «ВАЗ-2131» көлігі жанармай құю кезінде жарылып кеткен. Жалын жақын жерде тұрған Toyota Tundra sr5 көлігіне тиген. Салдарынан 29 жастағы ер адам термиялық күйікпен ауруханаға жеткізілді.