Қазір ол облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның ауыр жағдайда жатқанын айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- Науқаста біріктірілген жарақат, жабық жұлын жарақаты, бел омыртқасының қысылған сынуы, кеуде мен іштің доғал жарақаты, өкпенің геморрагиялық контузиясы, III-IV дәрежелі травматикалық шок бар. Жәбірленуші бірінші дәрежелі комада жатыр, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 17 жастағы жасөспірім 8 қыркүйек күні түнде 7 қабатты үйдің төбесінен екі үйдің ортасындағы қуысқа құлаған еді.