Кеше, 8 қыркүйек күні сағат 23:08 шамасында 102 кезекші пультіне 27 шағын ауданда кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында төбелес болып жатыр деген шақырту түскен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шақыртуға патрульдік полиция жасақтары барып, Ақтау қаласы полиция басқармасына кәмелетке толмаған 20 бала жеткізген. Олардың жеке басын анықтап, заңды өкілдеріне ҚР ӘҚБтК-тің 435, 442-баптары бойынша әкімшілік хаттамалар жасақталды. Сондай-ақ, профилактикалық әңгіме жүргізілген.