Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына 2006, 2008, 2010, 2012 жылы туған төрт бала жатқызылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
- Көмірқышқыл газынан уланған балалар ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта балалардың жағдайы тұрақты. Күндіз 2008 жылы туған қызды жансақтау бөлімінен әрі қарай емдеу үшін палатаға ауыстырамыз. Жағдайы тұрақты, есі толық, – дейді Маңғыстау балалар ауруханасы директорының емдеу-профилактикалық жұмыс жөніндегі орынбасары Гүлжан Ермекбаева.
Еске салайық, кеше сағат 22:08-де 28а шағынауданындағы тоғызыншы үй пәтерлерінің бірінде өрт болды. Барлығы 45 адам эвакуацияланды, оның ішінде 23 бала бар. Оқиға салдарынан 7 адам, оның ішінде 4 бала зардап шекті.