28а шағын ауданында тоғызыншы үйдің пәтерлерінің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Сағат 22:08-де пәтердегі түтін туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына 4 техника мен жеке құрамның 15 адамы жіберілді. Оқиға орнына жеткенде жанып жатқан бір бөлмелі пәтер анықталды. Өрт сөндірушілердің көмегімен үйден 40-қа жуық адам (оның ішінде 20 бала) қауіпсіз жерге көшірілді.
Баспалдақтың көмегімен 5 адам (оның ішінде 3 бала) эвакуацияланды. Барлығы 45 адам эвакуацияланды (оның ішінде 23 бала). Пәтердің жалпы ауданы шамамен 35 шаршы метрді құрайды, ал жану алаңы шамамен 7 шаршы метрді құрады.
"Өрттің шығу себебі анықталуда. Өрт салдарынан 7 адам зардап шекті, оның ішінде 4 бала", - деп хабарлады ТЖД.