Ақтау тұрғыны мамандандырлыған халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысының сын көтермейтінін айтып, мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, мұнда практикалық емтиханды тапсыру үлкен мәселеге айналған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мамандандандырылған ХҚКО-на барған тұрғын таң атқанша жүруге мәжбүр екенін айтып, цифрлық технологияның атымен жоғын жеткізді.
«Арнайы баға жұмысына назар аударуыңызды сұраймын. Бір аптадан бері тәжірибе емтиханына бара алмай жүрмін. ХҚКО жұмысына қатысы жоқ адамдар келіп, келесі күні практикадан өтуі тиіс адамдардың тізімін жасай бастайды. Тізім жасау кешкі сағат 20:00-ден басталады. Сол үшін сіз таңертеңге дейін мамандандырылған ХҚКО ғимаратын күзетуіңіз керек. Егер жоқ болсаңыз, тізімнен алып тастауы да мүмкін. Осы тізім бойынша ХҚКО қызметкерлері талондар береді. Сонда egov бізге не үшін қажет? Сол арқылы тіркеліп, ХҚКО талон алып, емтиханға баруымызға болады ғой. Алайда ондай жоқ. Емтиханға қатысу үшін түні бойы ұйықтамаймыз», - деді қала тұрғыны.
Бейнежазбада шағым айтқан адамдың қала сыртындағы ХҚКО маңында тұрғаны байқалады. Онда белгісіз адамдардың көліктің қасында емтиахн тапсырушылардың тізімін жазбаша жасап тұрғаны көрінген. Алайда бұған ХҚКО орталығының мамандары түсініктеме берген жоқ.
Mangystaumedia.kz аталған жағдайды назарда ұстап, алда ХҚКО пікірін жариялайтын болады.