Бүгін ҚР Еңбек Ері, Халық әртісі Роза Рымбаева Жаңаөзенге келді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бүгін әншінің жеке концерті Жаңаөзенде жалғасады.
Әншіні қала әкімі Жансейт Қайнарбаев бастаған зиялы қауым өкілдері мен мәдениет қызметкерлері салтанатпен күтіп алды.
Қонақтарды мәдениет үйінің өнерпаздары ән-шашумен күтіп алды. Оларға дастархан жайылып, дәм ұсынылды.
Айта кетейік, концерт 19:00-де «Мұнайшы» мәдениет үйінде өтеді.