Маңғыстаулық спортшылар бокстан халықаралық жарыста жеңімпаз атанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облысының спортшылары бокстан халықаралық жарыста жеңімпаз атанды. Ақтөбе қаласында халықаралық дәрежедегі спорт шебері Бауыржан Ақшолақовты еске алуға арналған ХХІV халықаралық турнир өтті. Жарыста Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан сонымен қатар Ресей мемлекетінен спортшылар бақ сынаған болатын. Бұл сында Маңғыстау құрамасының спортшылары 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленді.
Олардың қатарында Айболды Дәуренұлы мен Арман Нұрасылов жеңіс тұғырынан көрініп алтыннан алқа тақты. Нұрболат Сермаханов күміс жүлдені иеленсе, Самат Жетібаев пен Азамат Набатов жүлделі үшінші орынға тұрақтады.
Айтылу сынға боксшыларымызды ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әділ Басығараев бастап барды. Маңғыстау облысының бокс клуб өкілдерінің айтуынша, 80 келіде чемпион атанған Арман Нұрасылов финалда астаналық Илья Киселевтен басым түссе, +92 келіде чемпион атанған Айболды Дәуренұлы павлодарлық Олжас Боқаевты жеңген.