Ақтаулық блогер Қаракөл көліндегі аққуларды құтқару үшін жем сатып алуға Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің, сондай-ақ Маңғыстау облысының ветеринария басқармасының ақшасы жоқ екенін айтады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Азамат Сәрсенбаев мемлекеттік органдардың қаражаты болмағандықтан, мүдделі азаматтар аймақтың фаунасын сақтап қалуды өз мойнына алуы керегін атап өтті.
«Базардан арпа сатып алып, оны Қаракөл көлінің жағасына тастадым. Кем дегенде бірнешеуін аман алып қалуға болады деп үміттенемін», - деп жазды блогер.
Маңғыстау облысының ветеринария басқармасына хабарласқан едік. Олар бұл мәселе басқарманың құзіретіне жатпайтынын ескертіп, аққуларды қорекпен қамтамасыз етуді Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеді. Комитеттен жауап алу мүмкін болмай тұр. Жауап күтеміз.