Бұл туралы «Туризм саласының өзекті мәселелері» бойынша өткен жиында айтылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Ақтауда Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың тапсырмасына сай «Туризм саласының өзекті мәселелері» тақырыбында жиын өтті.
- Бүгінгі таңда туризм саласы әлемдік экономиканың негізгі драйверіне айналып келеді. Елімізде туризмді дамыту - экономикамыздың басты бағыттарының бірі. Ал Маңғыстау туристік аймағы еліміздің туристендіру картасының ТОП-10 тізіміне кіріп отыр, - деді Руслан Бектемір.
2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша өңірімізге 325,4 мың турист келіп, 12,7 млрд теңге қызмет көрсетілген.
Жиын барысында Маңғыстау облысы туризм басқармасының басшысы Маулен Ғабдулқалиев бүгінде аймақта 100 орналастыру орындары, 100 жол таңдамайтын көлікпен жүретін турлар, 45 гид және эскурсовод, 346 тамақтану орындары жұмыс жасап жатқандығын айтып өтті.
Сондай-ақ, облысымызда туризм саласын дамыту мақсатында 2027 жылға дейін жалпы қаражаты 100 млрд теңгені құрайтын 13 жоба іске асады деп жоспарланып отыр.
Жиын соңында өңір туризмін дамыту үшін бірнеше ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлесін қосқан бірнеше азаматтар да марапатталды