Ертең, 14-наурыздан бастап елімізде «Наурызнама» деп аталатын 10 күндік мерекелік науқаны жүреді. Он күннің әр күніне атау беріледі.
Мәселен, 14-наурыз – «Көрісу күні – Амал мерекесі». Ал, 15 наурыз – «Қайырымдылық күні». Бұл күні ел болып көмекке мұқтаж жандарға жаппай жәрдемдессек, 16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні». Мәдениетімізді, өнерімізді бен ұлттық құндылықтарымызды насихаттаймыз бұл күні.
17 наурыз – «Шаңырақ күні». Бұл күні отбасылық құндылықтарды насихаттау мен адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталған мәдени шаралар өтеді. Бұдан өзге «Ұлттық киім күні», «Жаңару күні», «Ұлттық спорт күні», «Ынтымақ күні» деп атынан-ақ мерекелік күннің тақырыбы менмұндалап тұрған атаулы күндер арнайы белгіленіпті.
Ал, 22 наурыз – «Жыл басы». Бұл күні өңірлерде этникалық ауылдар құрылып, ұлттық мәдени-спорттық шаралар мен жәрмеңкелер өтеді. Ал, 23 наурыз – «Тазару күні». Наурыз мейрамының соңғы күні –Қазақстанның барлық аймақтарында жалпыұлттық экологиялық акция өтеді.
Жаңа жыл құтты болсын, ағайын!