«МАЭК» қызметкерлері бейнеүндеудегі ақпараттың жалған екендігін мәлімдеді, mangystaumedia.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 сәуір күні «Yntymaq» бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Асқар Қойшыбай кезекті үндеу жолдады. Бейнежазбада кәсіподақ комитетінің жетекшісі мердігер ұйымдармен келісім-шартқа қатысты қате ақпарат таратқанын мойындады.
«Yntymaq» бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Асқар Қойшыбайдың айтуынша, жұмыскерлер мен жұмыс берушілер арасындағы өзара қарым-қатынас жақсы бағытта орнаған.
-Біз бұл бейнеүндеуді өз еркімізбен жазғанымызды мәлімдегім келеді. Алдын-ала кәсіподақ ұйымымен немесе қандай да бір тараппен келісілген жоқ. Салалық кәсіподақ басшылығымен бірнеше кездесулер орын алды. Осыдан кейін біз бейнеүндеуге қатысты шешіміміздің қате болғандығына көз жеткіздік. Сондай-ақ, «МАЭК» қызметкерлері комбинатты басқару құзіретін Мұхтар Әблязовқа беру туралы бастамаға түбегейлі қарсы екендіктерін мәлімдейміз. 18 сәуірде тараған үндеуде менің тарапымнан дәйексіз ақпаратқа жол берілді. 16 сәуірде «ЖЭО-2» - де орын алған технологиялық ақаулар мердігер ұйымдардың сапасыз жұмысының нәтижесі емес. Себебі құбыр желілерін жөндеу жұмыстарымен мердігер ұйымдар айналыспайды, - деді Асқар Қойшыбай.