21 қараша күні сағат 13:30-да Бейнеу ауданындағы Боранқұл ауылында қатты желдің салдарынан (екпіні 9-16 м/с дейін) тұрғын үйдің шатыры ұшыа кетті.
Тәуелсіздік көшесі бойында 100 ш. м. алаңдағы екі қабатты тұрғын үйдің төбесіндегі (1963 жылы салынған үй) жарты қаңылтыр ұшып кеткен. Дәл осындай жағдай сол көшеде, тек 40 шаршы метр үйде болды.
Айта кетейік 22 қарашада ауа-райының қолайсыздығына байланысты Бейнеу ауданындағы білім беру ұйымдарының дайындық сыныптары мен 1-11 сынып оқушыларының сабағы онлайн өткізіледі. Бұл ақпаратты аудан әкімдігі растап отыр.