Бейнеу аудандық сайлау комиссиясына өзін-өзі ұсыну жолымен 4 кандидат құжат тапсырған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Өз кандидатурасын ұсынғандардың ең алғашқылары – Азирханов Бекзат Басшиевич пен Оспанов Жасулан Кошбаевич болса, әзірге ең соңғы құжат тапсырушы – Хайруллин Есет Мендибаевич. Сондай-ақ кандидаттар қатарында Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Сали Нұртас Төребекұлы бар.
Қазіргі таңда кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының талаптарына және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкестіктерін анықтау жүргізілуде. Сондай-ақ 30 сайлау учаскесінің шекарасы бекітіліп, комиссия құрамы жасақталған.
Айта кетейік, Бейнеу ауданы әкімінің сайлауы 2023 жылғы 5 қарашада өтеді.