Болгарияда өтіп жатқан “Странджа” кубогында маңғыстаулық Бекзат Нұрдәулетов өзбекстандық қарсыласына төрешілер шешімі бойынша есе жіберді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жерлесіміз Токио Олимпиадасынан кейін әуесқой бокстағы халықаралық турнирге алғаш рет қатысқан болатын. Ол Софиядағы сынның бірінші айналымында Сербия боксшысы Артиом Агелевте басым түскен. Алайша ширек финалда өзбекстандық Жасурбек Юлдошевпен шеберлік байқасып, жеңіліс тапты.
Дәстүрлі түрде 74-ші рет өтіп жатқан «Странджа» кубогына Қазақстан құрамасы толық құрамда қатысты. Алайда отандастарымыздың Болгариядағы аяқ алысы жанкүйер күткендей болмады. Жартылай финалға тек 57 келіде сынға түскен Оразбек Асылқұлов пен 75 келі салмақта Нұрқанат Райыс қана өте алды.