Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылының тұрғыны электр желісі сымдарының астынан жаңа нысан салынып жатқанын айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ауыл тұрғынының сөзінше, бұл ғимараттың заңсыз салынып жатқанын бағдаршам астындағы камералар түсіріп тұр.
«Камера бұл заңсыздықты түсіріп тұр. Бірақ ешкім бұған мән бермейді. Бұл камера тек халықты қадағалап тұра ма? Ал жоғары қысымды тоқтың астында салынып жатқан нысанды көрмей ме?», - дейді тұрғын.
Ал Басқұдық ауылдық округі әкімшілігі тұрғынның шағымын тексеру үшін құзырлы органдарға хат жолданғанын айтты.
«Аталған жер телімін тексеру бойынша Мұнайлы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі мен жер инспекциясына хат жолданды. Құзырлы органдар алдағы уақытта нәтижесін баяндайтын болады, - деді Басқұдық ауылдық округі әкімінің орынбасары Мақсат Бүркітбайұлы.