© Источник: tengrinews.kz
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, маңғыстаулық Айбек Имашев ҚР дзюдо федерациясының атқарушы директоры қызметіне кірісті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Белгілі дзюдошы бұл туралы әлеуметтік желіде жариялады. Бір жылға жуық облыстық басқармада еңбек еткен ол таяуда қызметінен басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылған еді.
Айбек Имашев дзюдодан Ұлттық құрама мүшесі болып, 60 келіде көптеген жарыстарда жүлде иеленген болатын. Кейін спортшы ретінде мансабын аяқтаған ол еліміздің жастар құрамасының аға жаттықтырушысы, Т.Жолдыбаев атындағы дзюдо орталығының директоры, Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары секілді лауазымдарды жемісті атқарды.