Облыс әкімдігінің Telegram-чатына ақтаулық тұрғын қоғамдық көліктің қозғалыс интервалына шағымын жолдады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Оқушылар аязды күні дірдектеп бір сағат бойы автобус күту машақатын бастан өткерген.
-6 ақпанда таңғы сағат 6: 50-де біз аялдамаға келдік, №8 автобусты күттік. Бізден бұрын келген мектеп оқушылары да болды. Ырғалып келе жатқан автобустың қарасы 7: 30-да әрең көрінді. Қатты тоңдық, таңертең ауа температурасы -5 болған еді. Бұл не деген бассыздық. Оқушылар мектепке, ал қызметкерлер жұмысқа кешігіп келді", - дейді тұрғын.
"Каспий Авто паркі" ЖШС бұл жағдайға байланысты түсініктеме берді.
Аталған автобус жүргізушісі өз денсаулығына байланысты қызметіне бір сағат кеш кіріскен.
- Жүргізуші науқастанып, бір сағаттан кейін жұмысқа кірісті. Біз рейсті кешіктіргеніміз үшін кешірім сұраймыз, - дейді "Каспий Авто паркі" ЖШС өкілдері.