Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасынының,1-шағын ауданда орналасқан жұқпалы аурулар бөлімшесіндегі жағдай туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Мұнайлы ауданының тұрғыны 3 ақпан күні кешкі уақытта 1 жас 3 айлық баласымен бірге Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне келген. Педиатрлар баланы тексере келе "бронхиолит" диагнозын қойды.
"Дәрігерлер бүлдіршіннің ауруханада жатып, ем алу қажет екенін айтқан. Отбасының шешімі бойынша бала әкесімен бірге ауруханаға жатып, ем алуды бастаған. 4 ақпан күні түскі уақытта әкесі баласын палатада жалғыз қалдырып, сыртқа шығып кеткен. Соның салдарынан бала, жылу беріп тұрған ыстық батареяға қолын басып алған.
Ауруханаға түскен баланы қарау, күтім жасау, оның жанында болу әр ата-анаға жүктелген міндет. Бүгінде ауруханаға жылу беру жүйесі орталықтандырылған «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС қосылған. Ауруханадағы жылу батареяларының температурасы қалыпты деңгейде. Жылу режимі норматив бойынша беріліп жатыр. Аурухана басшылығы ем алып жатқан балалар мен оның ата-аналарына қауіпсіздік ережелерін сақтап, баланы жалғыз өзін қалдырмау қажеттігін айтты. Түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр",-делінген мәлімдемеде.