Қарақия және Түпқараған аудандарындағы бірнеше мектептерді облыстық ҚАЖД қызметкерлері аралады. Колония-қоныс және тергеу изоляторының қызметкерлері мектеп оқушыларына атқарған жұмыстары, органдардағы қызметі және жеңілдіктер туралы айтып берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық ҚАЖ департаментіне қарасты N43 және N77 мекеме өкілдерінің мектептерге барудағы басты мақсаты – Қостанай қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Академиясына түсуге ынталандыру.
-Қазірдің өзінде 10-11 сынып оқушылары мамандық таңдау алдында тұр. Мұндай кездесулер мектеп оқушыларының қажеттіліктерін тереңірек түсінуге және болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі, деп есептейді Маңғыстау облыстық ІІД қызметкерлері.
«Жақында соңғы қоңырау соғылады. Бірақ бүгінде сіз қайда оқуға, қай оқу орнын таңдауға тура келеді. Көп жылдар бұрын мен өзім үшін офицерлік жолды таңдадым, бүгінде мен қылмыстық атқару жүйесінде жұмыс істеймін. Мен өзімнің еңбек жолым мен мамандығымды мақтан тұтамын, – дейді N43 бақылау қызметі мекемесінің бөлім бастығының орынбасары Нұрлан Ақмұратов.
Студенттер 4 жыл оқығаннан кейін диплом, лейтенант шенін алып, жұмыспен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, Академияда оқу әскери қызметпен теңестіріледі.
-Ең бастысы, өтініш беруші 16 мен 25 жас аралығындағы Қазақстан азаматы болуы керек. Орта немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы аттестат болғаны да жөн. Академия студенттері үшін шәкіртақы мен бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Қолдау көрсету үшін құжат жинауда кеңес беріп көмектесуге дайынбыз, – дейді N77 мекеменің кадр саясаты бөлімінің аға инспекторы Гүлдана Біләл.
Кездесу соңында мектеп оқушыларына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Академиясы туралы кітапшалар табыс етілді.