Ақтау гарнизонындағы әскери теңіз базасында Отан алдындағы борышын өтеп жатқан матрос Елжан Асанов туған күнінде әскер қатарында алғаш рет дауысын берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Елжан 2001 жылы 20 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Ұрджар ауданы Мақаншы ауылында дүниеге келген. Әскер қатарына 2022 жылғы 17 қазан күні шақырылған, кәзіргі таңда Әскери теңіз күштерінің оқу орталығындағы жас сарбаздар жиынына қатысып жатыр.
Аталған жас сарбаз бүгінгі тарихи сәтте және әскер қатарындағы алғашқы туған күнінде сайлау учаскесінде өзінің азаматтық борышын орындады.
«Елімнің жарқын болашағы үшін, өз елімнің азаматы ретінде өз таңдауымды жасадым. Мен барша Қазақстан Республикасының азаматтарын дауыс беру арқылы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуға шақырамын» - деді матрос Елжан Асанов
Айта кетейік, Елжанға сайлаудан естелік ретінде Абайдың кітабы сыйға берілді.