Маңғыстау облысында 20 қараша күні сайлаудың алғашқы сағаттарында 16 сәби дүниеге келді. Оның 5-і ұл және 11-і қыз, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Статистикаға сүйенсек, соңғы жылдары облыста ұлдар көп дүниеге келген. Ал бүгін қыздар саны екі есе көп. Алайда перинаталдық орталық мамандары күн батқанша жағдай әлі де өзгеруі мүмкін. Себебі, бұл көрсеткіш сағат 00:00-ден 08:30-ға дейінгі аралықтағы тіркелген деректер.
Жас аналар да ҚР Президентін сайлауға қатыса алады. Перинаталдық орталықтардың қызметкерлері де сайлауға қатысуға ниетті.