Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген мониторинг барысында белгілі болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қалалық білім бөлімі мен жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасындағы шартта лауазымды тұлғалар "балабақшалар қызметіне тексеріс жүргізу" секілді бірқатар негізсіз өкілеттіктерге ие болған. Департамент білім бөліміне анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсыныс енгізді, соның нәтижесінде мемлекеттік орган мен балабақшалар арасындағы шарттарға өзгерістер енгізілді және Ақтау қаласының 70 кәсіпкерінің құқығы қорғалды.